Танымал продюсер Баян Мақсатқызының сәлем салған сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіде желдей есіп тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бейнероликті белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова өзінің парақшасында жариялады.
БЕЙНЕЖАЗБАДА НЕ БАР?
Кадрдан Баян Мақсатқызының бірнеше рет иіліп, дәстүрлі сәлем салу рәсімін жасағаны анық көрінеді. Ол тіпті «үнемі сәлем саламын» деп, бұл әрекетін өз сөзімен де нақтылады.
ҚОЛДАНУШЫЛАР ҚАНДАЙ ПІКІР БІЛДІРДІ?
Желі қолданушылары бейнеге бірден назар аударып, өз пікірлерін жарыса жазды. Комментарийлер арасында мынандай пікірлер болды:
«Мазақ етіп тұр»
«Бойкоттан қорыққан ғой»
«Баян, дұрыс жасадың»
«Ақыры сәлем салуды қабылдады-ау»
«Өткенде ғана сәлем салуды жабайылық деп еді»
«Бойкоттың құдыретінен айналдым»
Әр пікір — өз алдына бір оқиға. Кейбірі Баянды қолдаса, енді бірі оның бұл әрекетін шынайы емес деп бағалады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сәлем салу туралы сөз қозғап, тағы талқыға түскен.
Баян Мақсатқызы жапондар мен корейлердің бір-біріне иіліп, сәлем беретін дәстүрі ұнайтынын айтып, ол елдерде тек әйелдер емес, ерлер де сәлем салатынын айтты.