×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Коронавирустан айыққандардан оны жұқтырғандар басым

11.01.2022, 07:23
Коронавирустан айыққандардан оны жұқтырғандар басым
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Елімізде, өкінішке қарай, өткен 24 сағатта ковид сырқатынан айыққандар 4 есе аз болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте 2216 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

«Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 1494, Алматы қаласы - 80, Шымкент қаласы - 141, Ақмола облысы - 27, Ақтөбе облысы - 34, Алматы облысы - 29, Атырау облысы - 97, Шығыс Қазақстан облысы - 24, Жамбыл облысы - 46, Батыс Қазақстан облысы - 24, Қарағанды облысы - 51, Қостанай облысы - 3, Қызылорда облысы - 37, Маңғыстау облысы - 28, Павлодар облысы - 39, Солтүстік Қазақстан облысы - 25, Түркістан облысы - 37. Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 999654 адамнан анықталды», – деп келтіреді мамандар.

Ал өткен тәулікте қатерлі дерттен емделіп шыққандар 547 адам болып отыр. Бұл тұста аймақтар тұрғысында көрініс келесідей: Нұр-Сұлтан қаласы - 139, Ақмола облысы - 46, Алматы облысы - 15, Атырау облысы - 7, Шығыс Қазақстан облысы - 5, Жамбыл облысы - 11, Батыс Қазақстан облысы - 128, Қарағанды облысы - 12, Қостанай облысы - 31, Қызылорда облысы - 9, Маңғыстау облысы - 13, Павлодар облысы - 40, Солтүстік Қазақстан облысы - 86, Түркістан облысы - 5. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 964713.

2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жөнінде, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары орналасса, «сары» аймаққа Алматы қаласы мен Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары еніп, «жасыл» аймаққа Ақмола,Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары жайғасқан.