×
517.16
588.48
6.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.16
588.48
6.23

Қазақстанда кәсіпкерлер несие алғанды тоқтатты, ал жалпы халық көбірек ала бастады

Бүгін, 15:14
Қазақстанда кәсіпкерлер несие алғанды тоқтатты, ал жалпы халық көбірек ала бастады
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда тұтынушы несиесін алатындар артып келеді. Бұл туралы сарапшы Ұлттық банктің мәліметтеріне талдау отырып хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, жалпы несие портфелі 36,6 трлн теңгені құрады. Экономикадағы жалпы несие көлемі 1,6%-ға өскен.

Сонымен қатар, бизнеске берілетін несиелер жыл басынан бері 0,3%-ға азайса, халыққа берілетін несиелер керісінше 4,4%-ға өскен. Қазір ипотекалық несиелер халыққа берілген несиелердің 28,4%-ын құрайды.

Tengenomika Telegram-арнасының авторының айтуынша, ірі бизнес 643 млрд теңге несие алған, ал шағын бизнес 878 млрд теңге жоғалтқан.

«Қазір өсіп жатқаня – тек тұтынушылық сегмент. Шағын бизнес іс жүзінде тоқтап тұр. Тұтынушылық несиелеу өзге бағыттарды ығыстырып барады», – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, несиелеудің артуы тұтынушы сұранысының айтарлықтай артқанын білдіреді. Әсіресе бұл – тұтынушылық несиелер сегментінде айқын байқалады. Алайда халықтың нақты табысы айтарлықтай өсіп жатпаған жағдайда, тұтынушылық несиелеудің қарқынды өсуі экономиканың қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары