×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Қазақстанда несие алу қиындайды: жаңа ережелер әзірленіп жатыр

Бүгін, 12:42
Қазақстанда несие алу қиындайды: жаңа ережелер әзірленіп жатыр
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда жеке тұлғалардың төлем қабілетін бағалау талаптарын күшейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ашық НҚА" сайтында тиісті өзгерістер жобасын жариялады.

Жоба аясында мынадай өзгерістер ұсынылған:

  1. Жеке тұлғаның төлем қабілеттілігін бағалау кезінде оны жоғары тәуекелді қарыз алушы ретінде тану критерийлерін белгілеу;
  2. Жеке тұлғалардың қарыздарын реттеу бойынша кредиттік шешімдерді қабылдаудың ішкі тәртібін бекіту талаптарын енгізу;
  3. Клиент-жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша арнайы бөлімше құру.

БҰЛ НЕ ҮШІН КЕРЕК

Агенттік өкілдерінің айтуынша, бұл түзетулер тұтынушылар үшін тәуекелдерді азайтуға және банк шешімдерінің ашықтығын арттыруға бағытталған.

– Сондай-ақ тұтынушылардың мүдделерін сақтау мақсатында банктің бизнес-моделіне тұтынушылардың мүддесін қорғайтын бақылау функцияларын орындайтын бөлімшенің болуы туралы талап енгізіледі, – делінген мәтінде.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жалпы несие портфелі 36,6 трлн теңгеге жеткенін хабарланған едік. Экономикадағы несие көлемі 1,6%-ға өскен. Осы жылдың басынан бері бизнеске берілетін кредиттер 0,3%-ға азайғанымен, халыққа берілетін кредиттер 4,4%-ға артқан. Ал ипотека – халықтың барлық несиесінің 28,4%-ы.

Серіктес жаңалықтары