"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 27 сәуірде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарағанды облысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі бар.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Астанада найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік жүреді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні кей уақытта 23-28 м/с-кедейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жауады. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.