×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

"Қазақша сөйлеу – тек қазақтардың міндеті емес". Орыс тілді блогердің сөзі талқыға түсті

"Қазақша сөйлеу – тек қазақтардың міндеті емес". Орыс тілді блогердің сөзі талқыға түсті
ku.edu.kz

Қазнетте Петропавл қаласынан шыққан блогердің қазақфобияға қатысты айтқан видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ

YouTube-тағы арна авторы Қазақстанда мемлекеттік тілдің екінші орынға ысырылып, кейбір азаматтардың оған ашық түрде менсінбей қарауын «абсурд жағдай» деп бағалады.

Оның пікірінше, тіл мен мәдениетке деген құрмет – елдегі бейбітшілік пен бірліктің басты кепілі. Блогер өз орыс ұлтының өкілі екенін, бірақ жүрегі қазақ екенін де атап өтті.

БЛОГЕР НЕ ДЕЙДІ

– Кейбір адамдар қазақ тілін үйренгісі келмей ғана қоймай, оны төмендетуге тырысады. Қазақша сөйлеу – тек қазақтардың міндеті емес, бұл – еліміздің әрбір азаматының жауапкершілігі мен құрмет көрсетуі. Өкінішке қарай, кейбіреулер тілді саяси құрал ретінде көріп, оны күштеп таңылған дүние санайды немесе тілді білмегенін мақтаныш көреді, – дейді блогер.

Ол қазақфобия тек тілге емес, сондай-ақ қазақтың мәдениетіне, дәстүріне және ұлттық құндылықтарына деген көзқарастан да байқалатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай көзқарас қоғамды іштей ыдыратып, бірлікті әлсіретеді.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАДІРЛЕУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Блогер сөзінің соңында қазақ тілі, қазақ мәдениеті мен қазақ рухы – осы жердің ажырамас құндылықтары екенін баса айтты.

– Қазақ тілін, мәдениетін мойындау мен құрметтеу – елдегі татулық пен тұтастықтың негізі. Қазақ болудан, қазақша сөйлеуден, қазақ мәдениетін құрметтеуден қорықпау керек. Керісінше, бүгін біз бұл құндылықтардың бәрі ортақ байлығымыз әрі мақтанышымыз екенін шынайы түсінетін кез келді! Қазақ елі жасасын! – деп қорытындылады ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін қоғам қайраткері, ағартушы, "Мазмұндама" баспасының директоры Шыңғыс Мұқан Ұлысмедиаға берген сұхбатында қазақ тілі, дін мәселесі мен ұлт болашағы туралы сөз қозғаған болатын. 

Серіктес жаңалықтары