×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Гүлдеп тұрған қызғалдақтың арасында дастархан жайғандар жұрттың ашуына тиді

Гүлдеп тұрған қызғалдақтың арасында дастархан жайғандар жұрттың ашуына тиді
Фото: Lada.kz

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау даласында гүлдеген қызғалдақтардың арасында ұйымдастырылған отырыстың видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кадрлардан даланың дәл ортасына орындықтар мен дастарқан жайылғанын көруге болады. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

- Олар жабайылар ғой, гүлдерді таптап тастапты, “Надандықтың көкесі, бұл — масқара”, “Ұят! Табиғатты бүлдіріп жатыр”, “Не істеп жатырсыңдар?!” – деп ашуланды желі қолданушылары.

Сонымен қатар, Жармыш ауылы маңындағы Қаратау бұлағының маңында түсірілген фотолар да пайда болған.

Жергілікті тұрғындар демалушылардың табиғи аймақты қоқыс алаңына айналдырып жатқанына алаңдаулы.

Серіктес жаңалықтары