×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

"Нұрқанат "ерегеске келдіңдер ме?" деп сұрады". Сотталушының бауыры куәгер ретінде келді

"Нұрқанат "ерегеске келдіңдер ме?" деп сұрады". Сотталушының бауыры куәгер ретінде келді
Ulysmedia.kz коллажы

Талғардағы қанды төбелесте қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесіне бесінші куәгер Самат Абдықадыр келіп, тараптардың сұрағына жауап бере бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Самат Абдықадырдың сөзінше, сотталушы Дидар Қалиахметов оның бауыры. 

- Сол күні мен, бауырым Дидар Қалиахмет және досымыз Дәулет моншадан шықтық. Моншадан шығып бірден дүкенге кірдік. Бір топ бала тұрды. Жарық түсетін прожектор бізге қарап тұрды, сондықтан ондағы адамдарды байқамадық. Дидар, сосын Дәулет өтіп кетті, артынан біреу келіп амандасты. Марқұм болған Нұрқанат Ғайыпбаев “ерегеске келдіңдер ме?” деп сұрады. Мен “жоқ, не істейміз оны, біз шалмыз ғой, көлікке келдім” дедім. Нұрқанатты сол күні бірінші рет көрдім. Артынан дүкенге кіріп кеттік, сатушы болмады. Дидар сатушыны шақырып еді, Қаржаубай аға кірді. Біз сыра алайын деп жатқанбыз. Ақшаны шығарып, төлейтін кезде сырта апыр-топыр дауыс естіліп кетті. Қаржаубай аға “сатпаймын жігіттер” деді. Сыртқа шығып, бірден көлікке отырдым. Біздің көлігімізді арттан Мерседес жауып тастаған екен. Көлікті алып, шығып кеттік, дейді куәгер. 

Куәгер оқиға орнында төбелес болып жатыр деп ойламағанын айтады. 

- Нұрқанат та, Қаржаубай аға да байсалды сөйлеп тұрды. Сыртта тұрған 7-8 адамның қолында қару тұрмақ, түрін көрмедім. Мен көлікте отырған кезде біреу Дидар Қалиахметовті капюшонынан тартып алды. Тартқан адамның түрін көре алмадым. Кейін көлікке отырдық, сол кезде “тах” деген қатты дауыс естілді. Сосын Дидар түсіп кетті. Мен де көліктен түсіп, “Дидар” деп айғайладым, ол қайтып келді, сосын көлікке отырып, кетіп қалдық, дейді куәгер Самат. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін екінші куәгер Дана Жақсыкелді жауап берген болатын. Ол – қанды түні сотталушылармен бірге көлікпен «Қамажай» дүкенінің алдына келген. 

Дана Жақсыкелді сотталушылардың ішінде Нұрқияс, Равиль, Абзалды танитынын, Азамат пен Нұрбол Тоқтаубаевты жақын танымайтынын айтты.  Куәгердің айтуынша, осыдан кейін өзі көлікке отырған. Өзі мылтық үнінен қорыққанын айтады. Неге полиция шақырмадыңыз деген сұраққа куәгер “бір жағынан мылтықты бірінші рет көріп, атылғанын бірінші рет естідім. Өз өмірім үшін қорықтым” деп жауап берді.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Өткен аптада Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі қалай өткенін мына екі сілтемеден көруге болады.

Ulysmedia.kz порталынан материал көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!

Серіктес жаңалықтары