×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Шерзат ісінде күдіктінің бауыры оның төбелеске қатысы жоғын меңзеді

Бүгін, 18:09
Шерзат ісінде күдіктінің бауыры оның төбелеске қатысы жоғын меңзеді
Ulysmedia.kz коллажы

Шерзат Полат ісінде тағы бір куәгер, сотталушы Дидар Қалиахметтің бауыры Дәулет Мұратов сұрақтарға жауап бере бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, олар моншадан шығып, дүкенге келген кезде әлдекімдер Дидар Қалиахметті капюшонынан тартып әкеткен. 

- Сол кезде біреу “бұлар дүкенге келген адамдар, олардың қатысы жоқ” дейді. Сосын мен көлікке отырдым, артымда қара Мерседес тұрды. Кейіннен көлікке екі ағам Самат пен Дидар келіп отырды. Бір кезде бір дауыс естіліп, көлікті тоқтаттым. Сол сәтте Дидар ағам түсіп кетті. Ол 2-3 минут шамасында оралып, біз кетіп қалдық, дейді куәгер. 

Олар дүкенде жүрген кезде сатушы болған, артынша бір бала мен екі қыз кірген. 

- Ерегес байқамадық. Біз кіргенде олар бізге шығыңдар (дүкеннен) деді. Сыртта он шақты бала болды. Айғай-шу болды. Мен сыртқа шыққанда ағам Дидар “көлікке отыр” деді. Дидарға ешкім хабарласқан жоқ. Тек сыртта шу болып кеткендіктен көлікті тоқтат деді, дейді куәгер. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін екінші куәгер Дана Жақсыкелді жауап берген болатын. Ол – қанды түні сотталушылармен бірге көлікпен «Қамажай» дүкенінің алдына келген. 

Дана Жақсыкелді сотталушылардың ішінде Нұрқияс, Равиль, Абзалды танитынын, Азамат пен Нұрбол Тоқтаубаевты жақын танымайтынын айтты.  Куәгердің айтуынша, осыдан кейін өзі көлікке отырған. Өзі мылтық үнінен қорыққанын айтады. Неге полиция шақырмадыңыз деген сұраққа куәгер “бір жағынан мылтықты бірінші рет көріп, атылғанын бірінші рет естідім. Өз өмірім үшін қорықтым” деп жауап берді.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Өткен аптада Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі қалай өткенін мына екі сілтемеден көруге болады.

Ulysmedia.kz порталынан материал көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!

Серіктес жаңалықтары