×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Түрікменстандағы этникалық қазақ Қазақстанға орала алмай отыр

Түрікменстандағы этникалық қазақ Қазақстанға орала алмай отыр
Ulysmedia.kz коллажы

Гүлістан Ешниязова бір жылдан бері Қазақстанға қоныс аударған туыстарымен қауышуға тырысып келеді. Гүлістан — этникалық қазақ. Қазір ол Ашхабадта тұрып, күнкөріс үшін уақытша табыспен күнелтіп жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Turkmen.news мәліметінше, Гүлістан Ешниязованың жасы 48-де. Ол сегіз жыл бойы Түркияда жұмыс визасымен тұрған, алайда түрлі себептерге байланысты ол жақта заңдастырыла алмады әрі Түрікменстанға қайта оралып, жаңа виза рәсімдеуге де мүмкіндігі болмаған. Кезекті полицейлік рейд кезінде оны ұстап, айыппұл салған. Кейін Гүлістан өзі билет сатып алып, Дашоғызға қайтып келген.

Өткен жылдың қарашасында Ешниязовтар отбасы маңызды шешім қабылдайды — тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударуға бел буады. Гүлістанның ата-анасы, екі ағасы мен әпкесі, сондай-ақ бұрынғы күйеуі мен ортақ баласы Дашоғыздағы үйін сатып, тұрғылықты мекенжайынан тіркеуден шығып, Қазақстан визаларын алған.

Алайда шекарадағы бақылау-өткізу пунктінде барлық отбасы мүшелері Қазақстанға өте алатыны белгілі болады, ал Гүлістанға Түркияда болу ережелерін бұзғаны үшін 2029 жылдың 8 наурызына дейін елден шығуға тыйым салынғаны анықталған.

– Мен мұнда ештеңесіз тағы бес жыл қалай өмір сүремін? Бүкіл туыстарым, баламды қоса алғанда, Қазақстанда. Бір жыл бойы тұрақты тіркеуім болмаған соң жұмыс таба алмай, бір жерден екінші жерге көшіп жүрдім. Мені Түрікменстанда ештеңе ұстап тұрған жоқ. Маған отбасыммен қауышуға мүмкіндік беріңіздер!, – дейді Гүлістан Ешниязова.

Қазір оның жалғыз мүмкіндігі — Түрікменстан азаматтығынан шығуға өтініш беру. Алайда ел президенті мұндай өтініштерді сирек қарайды — жылына бір-екі рет қана.

Журналистер Қазақстан дипломаттарымен байланысуға тырысқанымен, оларға қол жеткізе алмаған.

Серіктес жаңалықтары