×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Енді қажылыққа бару қиындай түспек

Енді қажылыққа бару қиындай түспек
Ашық дереккөзден

10 маусымға дейін жалғасатын биылғы қажылық маусымының алдында Сауд Арабиясы Мекке мен Мәдинеге кіру ережелерін күшейтті. Енді бұл қасиетті қалаларға тек арнайы қажылық визасы бар адамдар ғана кіре алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЙЫППҰЛ

Сауд АрабиясыныңіІшкі істер министрлігі қажылыққа рұқсатсыз қатысқандар немесе қажылық маусымында басқа виза түрімен Мекке мен қасиетті орындарға кірмек болғандар үшін 20 000 сауд риалына дейін (шамамен 5 300 АҚШ доллары) айыппұл салынатынын ескертті.

Ал қажылыққа рұқсат алу мақсатында жалған мәлімет бергендерге 100 000 сауд риалына дейін (шамамен 26 000 АҚШ доллары) айыппұл қарастырылған.

РҰҚСАТСЫЗ КЕЛГЕНДЕР ЕЛДЕН ҚУЫЛАДЫ

Елде заңсыз жүргендерге, соның ішінде мерзімі өткен визамен жүрген резиденттерге де жеке шаралар қолданылады. Мұндай азаматтар елден депортацияланып, келесі 10 жыл ішінде Сауд Арабиясына кіруге тыйым салынады.

КӨЛІКТЕРДІҢ ТӘРКІЛЕНУІ

Сонымен қатар, қажылық рұқсатынсыз туристік виза арқылы адамдарды Мекке мен қасиетті орындарға жеткізген көліктер сот шешімімен тәркіленетін болады.

ҚОНАҚҮЙГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ

Сауд Арабиясының туризм министрлігі Меккедегі барлық қонақүйде қажылық рұқсаты жоқ немесе қажылық маусымында жұмыс істеуге немесе тұруға ресми рұқсаты жоқ адамдарды қабылдауға қатаң тыйым салды.

Серіктес жаңалықтары