×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

Ресейлік әртіс Астанадан пәтер алып, оны қазақтарға қымбатқа жалға бермек - журналист

Ресейлік әртіс Астанадан пәтер алып, оны қазақтарға қымбатқа жалға бермек - журналист
Коллаж: ulysmedia.kz

Ресейлік продюсер, тележүргізуші, кәсіпкер Яна Рудковская Астана қаласынан пәтер сатып алған. Бұл жаңалықты әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕСЕЙЛІК ӘРТІСКЕ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Бұл жайлы белгілі журналист Гүлбану Әбенова жазды. Оның айтуынша, Рудковская Қазақстаннан элиталы қымбат пәтер сатып алып, оны қымбатқа жалға беруі мүмкін. 

Сонымен қатар, журналист қазақстандық шенеуніктер ресейлік әртіске ерекше жағдай жасағанына наразы болды. 

- Бір нәрсені түсінбей отырмын, біздің шенеуніктер оған сонша жағдай жасап, ХҚКО-да асты-үстіне түсіп жүргені несі? Біз, қарапайым салық төлеушілерге мұндай қызмет көрсетілмейді ғой, сағаттап кезегімізді күтіп отырамыз… Неге соншама бір жері кіріп кетті олар? Не бопты? Қазақстанның қай азаматына «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның басшысының өзі шығып, қызмет көрсетті? Айтыңыздаршы, дейді журналист. 

РУДКОВСКАЯНЫҢ ЕЛДЕ ТҰРУҒА РҰҚСАТЫ БАР МА

Сонымен қатар, Гүлбану Әбенова Рудковскаяның Қазақстанда тұруға ықтиярхаты (ВНЖ) бар-жоғы туралы да сұрақ қойды. Себебі Қазақстан заңына сәйкес, шетел азаматтары тек ықтиярхат болған жағдайда ғана тұрғын үй сатып ала алады. Олай болмаған жағдайда, тұрғын үйді сатып алу, сыйға тарту немесе сату мәмілесін рәсімдеуге болмайды.

- Арман Кенжеғалиев мырза (Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы басшысы), Яна Рудковскаяның Қазақстанның ықтиярхаты бар ма? Әлде сіз оған коньки тепкенді ұнатқаныңыз үшін жеке жеңілдік жасадыңыз ба?, – деп сұрады журналист. 

КЕНЖЕҒАЛИЕВ НЕ ДЕЙДІ

Ресейлік Яна Рудковскаяның елге келгені туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның басшысы Арман Кенжеғалиев жазба жариялаған. Оның сөзінше, Рудковская мемлекеттік қызмет алып, «Азаматтарға арналған үкімет» жайлы пікір білдірген. 

РУДКОВСКАЯНЫҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ

Яна Рудковскаяның өзі бұл ақпаратты растаған болатын. 

- Мен мемлекеттік қызметке жүгіндім. Себебі Астанадан үй сатып алып жатырмын. Қазір Дубайдан пәтер алу сәнге айналған, ал менің таңдауым Астанаға түсті, дейді Рудковская.

РУДКОВСКАЯ КІМ

Айта кетейік, Яна Рудковская – танымал ресейлік продюсер, мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконың жұбайы. Олар бұған дейін де Қазақстанға келіп, түрлі іс-шараларға қатысқан. Алайда бұл жолы оның жылжымайтын мүлік сатып алып, мемлекеттік органдар тарапынан ерекше ілтипатқа ие болуы әлеуметтік желіде наразылық тудырып отыр.

Серіктес жаңалықтары