×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Теңгедегі депозиттер бойынша кепілдік 20 млн теңгеге ұлғайды

11.01.2022, 13:51
Теңгедегі депозиттер бойынша кепілдік 20 млн теңгеге ұлғайды
Ulysmedia.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгедегі жинақ салымдар бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшерін 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтуды көздейтін заң 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап, яғни бүгіннен бастан күшіне енгенін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа өзгеріске сәйкес бір банкте түрі мен валютасына қарай жинақ салымы және басқа да депозиттері бар салымшылар үшін ҚДКБҚ-ның жиынтық кепілдік берілген максималды сомасы өсіп отыр. 

«Кепілдік берілген максималды соманың өсуіне байланысты салымшылар да, мемлекеттік бюджет те шығынға ұшырамайды: өтем сомасы жинақтау негізінде қалыптасатын арнайы резервтің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады», – деп атап өтті қор тарапынан.

Қазіргі уақытта жинақталған арнайы резервтің көлемі ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70%-ын есепке ала отырып, 847 млрд теңгені құрайды. Арнайы резервтің бұл деңгейі заңнамалық тұрғыда бекітілген 5%-дық межеден жоғары екені келтірілуде. Қазақстанда ислам банктерінен басқа, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға және жүргізуге лицензия алған барлық банктер міндетті түрде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысады.  Осылайша барша қазақстандықтардың екінші деңгейдегі банктердегі ақшалары жоғарыда көрсетілген лимиттер шегінде қорғауға алынғаны айтылуда.