×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Салық органдарының 78 мың астаналықты демалыстан айыратын түрі бар

02.05.2025, 16:51
Салық органдарының 78 мың астаналықты демалыстан айыратын түрі бар
Ұлысмедиа коллажы

Фискалды органның ескертуінше, салық берешегі бар азаматтар Қазақстаннан шыға алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елорда тұрғындарының салыққа қарызы 3,5 миллиард теңгеден асып кеткенін мәлімдеді.

Бұл соманың басым бөлігі – көлік салығына тиесілі. Астаналықтар осы бап бойынша 3,2 миллиард теңге төлемеген. Ал мүлік салығынан жиналған қарыз 292 миллион теңгені құрайды.

Бүгінде 78 мыңнан астам салық төлеушінің берешегі бар.

Демалыс маусымы басталғанын ескерсек, салық берешегінің шетелге шығуға шектеу қоюы мүмкін екенін ұмытпаған жөн, – дейді Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері.

Өзіңіздің қарыздар тізімінде бар-жоғын мына ресурстар арқылы тексеруге болады:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты – kgd.gov.kz;

  • Электронды үкімет порталы – egov.kz;

  • «eSalyq Azamat» мобильді қосымшасы.

Серіктес жаңалықтары