×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

ҰБ интерванция арқылы теңге бағамын ұстап қалмақ

11.01.2022, 14:07
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк қаржы тұрақтылығын қолдау бағытында қандай шаралар қолға алынатынын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық банк ел ішінде бүлік шыққан сәттен бастап ішкі нарықтағы ахуалды жіті бақылауында ұстап келеді. Банк өтімділігін қолдау үшін Ұлттық банк стандартты құралдарға қосымша Қазақстан қор биржасында (KASE) репо операциялары арқылы өтімділікті 3 айға дейінгі мерзімге қолдау тетігін пайдалана бастады. Екінші деңгейлі банктердің барлық қажеттіліктері толық көлемде қанағаттандырылып отыр», - делінген хабарламада.

ҰБ сонымен қатар Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі ахуал тұрақталып, байланыс тетіктері рет-ретімен қалпына келуіне байланысты 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасының валюта алаңында сауда-саттық, екінші деңгейлі банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің валюталық айырбастау операциялары, сондай-ақ халықаралық төлемдер мен аударымдар қайта жанданатынын хабарлайды.

«Орын алған келеңсіз оқиғалар кезінде қаржылық тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банк қажеттілікке қарай өзінің тікелей қатысуымен жағдай толық тұрақталғанша валюталық интервенциялар жүргізу және нарықтың ішкі, сыртқы қатысушылары тарапынан теңгеге деген сенімді қалпына келтіру арқылы валюта нарығының теңгерімділігін қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары