×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Алматыда экс-полицей әйелін айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін, 08:42
Алматыда экс-полицей әйелін айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінді
Pixabay.com

Алматыда экс-полицей жасаған жантүршігерлік қылмыс ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала деректерге сәйкес, азаматтық некедегі ерлі-зайыптының арасында тұрмыстық жанжал шыққан.

Тергеу барысында жанжал кезінде бұрын ішкі істер органдарында қызмет атқарған ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ сұққаны анықталды. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстан кейін күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болып, мойны мен іш тұсынан пышақпен жарақаттаған.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем тобы жетті. Ер адам қылмыс орнында ұсталып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол қатаң күзетпен жатыр, дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға тырысуда.

Күдіктінің бұған дейін Алматы облысы полиция департаментінде қызмет еткені, алайда теріс себептермен жұмыстан шығарылғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары