5 мамыр күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы тағы да өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, доллардың ресми бағамы 518,10 теңгеге жетіп, бір күнде 1,9 теңгеге қымбаттады.
Айырбастау пунктеріндегі бағам:
АЛМАТЫДА
Сатып алу – 512,9–516,7 теңге
Сату – 517–519 теңге
АСТАНАДА
Сатып алу – 513–515 теңге
Сату – 518–521 теңге