×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

"Техника қайда, министр мырза?!": Талдықорғанда өртсөндіруші үшінші қабаттан құлап кетті

"Техника қайда, министр мырза?!": Талдықорғанда өртсөндіруші үшінші қабаттан құлап кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Талдықорғанда тұрғын үйдегі өртті сөндіруге келген ТЖД қызметкері жоғары қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Видеода өртсөндіруші сатымен үшінші қабатқа көтеріліп келе жатады. Бір сәтте өрт шыққан пәтердің терезесінен кірейін деп жатқан тұсында ТЖД қызметкері жерге құлап түседі. Өртсөндіруші бетонға бір-ақ түскен. 

- Сатылары да былқ-сылқ етіп тұр. Үшінші қабаттан құлап түсті. Талып жатыр. Байқұс баланың бір жері сынды, дейді видео авторы. 

ТЕХНИКА ЖОҚ

Желі қолданушылары өртсөндіру қызметкерлерінде арнайы техниканың жоқтығына назар аударған. 

- Техника қайда, министр мырза? 

- Міне жұмыстарына адалдық деп осынау айтуға болады, сен тұр мен шығайын деген жігіттер, көз алдында әріптестері құлап жатсада, бой бермей екіншісі өз өмірін бәйгеге тігуге дайын азаматтар. Еңбектері бағалау керек.

- Бір ғана сұрақ: техника қайда?!

- Ал ТЖМ-нің өзінде бәрі әдемі. Бәрінің қарны тоқ, орден, генералдар… Жігітке обал болды. Мүгедек болып қалғаны 100%. Арқасында ауыр жүкпен үшінші қабаттан құлау… ТЖМ денсаулығын түзеп бере алмайды.. Керісінше өзін кінәлап та қоюы мүмкін. Жігітке обал

ТЖМ

Ұлысмедиа бұл жайтқа қатысты ТЖМ-нен пікір сұрады. 

Серіктес жаңалықтары