"Қазгидромет" РМК Қазақстанда ертең, 11 мамырда ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерде бұршақ түсуі мүмкін.
11 мамыр күні еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшейеді, ал оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Елдің солтүстік-батысында түнгі температура 6–16 градустан 10–20 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 18–26-дан 20–35 градусқа дейін жылы болады. Солтүстікте түнде 10–17 градустан 5–13-ке дейін, күндіз 17–27-ден 13–23 градусқа дейін құбылады. Республиканың оңтүстігінде түнгі ауа температурасы 12–20 градус, күндіз 24–32-ден 28–37 градусқа дейін көтеріледі.
Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.