Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерімен әрекеттесе Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасын жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бірлескен әрекет нәтижесінде 10 келіден астам метамфетамин тәркіленді, оның баратын елдегі нарықтық құны 2,4 млн АҚШ долларына бағаланады.
– Бұл факті бойынша шетелдік серіктестер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.
Есірткі саудасының халықаралық арналарын жою бойынша іс-шаралар жалғасып жатқаны атап өтілді.