"Үлкен жетілік" (G7) елдері ядролық қаруы бар көрші мемлекеттер — Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің артуына байланысты оларды диалогты бастауға үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық одақтың сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесінде Үндістанның бақылауындағы Кашмирде 26 адамның өмірін қиған шабуылды айыпталды.
– Біз тараптарды дереу шиеленісті деэскалациялауға шақырамыз және бейбіт шешімге қол жеткізу үшін тікелей диалог орнатуға үндейміз, – делінген G7 мәлімдемесінде.
Еске салайық, бұған дейін Пәкістан сенбіге қараған түні Үндістанға қарсы әскери операцияның басталғанын жариялағанын жазған едік. Пәкістан тарапының мәліметінше, шабуылға бірнеше нысан, соның ішінде Үндістанның солтүстігіндегі зымыран қоймасы ұшыраған.