×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Банктерге несие бойынша айыппұл мен өсімпұл қосуға тыйым салынды

12.01.2022, 09:24
Банктерге несие бойынша айыппұл мен өсімпұл қосуға тыйым салынды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда бизнесті қолдау үшін төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарға тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Халық пен бизнесті қолдау үшін осы жылдың 11 қаңтарында агенттік төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың несиелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну жөнінде бұйрық қабылдады», - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде несиелер бойынша мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынған.