×
506.21
568.42
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.21
568.42
6.3

Грузияда бірнеше қазақстандық елден қуылған: СІМ қандай шара қабылдады

Грузияда бірнеше қазақстандық елден қуылған: СІМ қандай шара қабылдады
Ашық дереккөзден

Қазақстан өз азаматтарының Грузия аумағына кіре алмай қалу жағдайларының жиілегеніне алаңдаушылық білдірді. Ал ресми Тбилиси мұндай оқиғалардың саны азайып жатқанын айтып, қазақстандықтар үшін жағдайды жақсартуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕЛГЕ КІРУ МЕН ДЕПОРТАЦИЯ

Қазақстан мен Грузияның сыртқы істер министрліктері арасында консулдық консультациялар өтті. Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, екіжақты келісімдердің орындалуы және экстрадиция мәселелері талқыланды.

Қазақстан тарапы соңғы уақытта Грузияға келген қазақстандықтардың елге кіре алмай, кейін депортацияға ұшырау оқиғалары жиілеп кеткенін айтты. Сонымен қатар, қазақстандықтардың басым көпшілігі бұл елге туристік мақсатпен келетінін және Грузия заңдарын сақтайтыны атап өтілді.

ГРУЗИЯ ЖАУАБЫ

Грузия тарапы биыл мамыр айының басынан бастап Қазақстан азаматтарына кіруден бас тарту жағдайларының едәуір азайғанын хабарлады. Сонымен қатар, бұл оң үрдіс жалғасын табатынын айтып, қазақстандықтар үшін елге кіру мен болуға барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Сәуір айында Грузияда көші-қон заңнамасын бұзған 96 шетелдік азамат елден шығарылғанын хабарлаған едік. 

Депортацияланғандар арасында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Түркия, Израиль және Әзербайжан азаматтары бар. Алайда Қазақстан азаматтарының нақты саны белгісіз. Бұл мәселеге қатысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары