×
510.58
571.8
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.58
571.8
6.34

Еш түсініктеме берілген жоқ – Ермек Тұрсынов екі іс-шарасы өтпейтінін хабарлады

Бүгін, 08:16
Еш түсініктеме берілген жоқ – Ермек Тұрсынов екі іс-шарасы өтпейтінін хабарлады
Ермек Тұрсыновтың парақшасынан

Режиссер мамыр айының ішінде екі мәрте көрерменмен кезікпек болған. Екі ретте реті келмейтінін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҰРСЫНОВ НЕ ДЕЙДІ

Режиссердің қатысуыммен осы жылдың мамыр айының 22 және 31 жұлдызында «Almaty Theatre»-да іс-шаралар біржақты тоқтатылған. 22 мамыр күні Нұрлан Сабуровпен «Диалог» өтуі тиіс еді, ал 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Еркеш Шәкеевпен концерт жоспарланған.

«Диалог» туралы бүгінге дейін ешқандай түсініктеме берілген жоқ, ал концертке қатысты театр басшылығы Еркеш Шәкеевке техникалық себептерді алға тартып, ресми хат жіберді. Бұл туралы өз ойыммен кейінірек бөлісермін. Әзірге көрермендерге осы көңілсіз жаңалықты жеткізуді парызым деп санадым және тағы да кешірім сұраймын, – деп жазды Ермек Тұрсынов.

ШАҒЫМ ТҮСКЕН

Композитор Еркеш Шәкеев бұған дейін өзі ұйымдастырмақ болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерті болмайтынын хабарлаған еді. Ол биыл 31 мамырда Алматы театрында концерт өткізбек болған.

Сіздерге зор өкінішпен келесіні хабарлаймын: саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерт болмайды! Қазір тек үш себепті атап өте аламын, бірақ олардың өзі-ақ жағдайдың астарын түсінуге жеткілікті деген ойдамын, – дейді ол.

Шәкеев айтып отырған үш себеп мыналар: 

  • «FreedomTicketon» сайты еш ескертусіз билет сатуды тоқтатқан.
  • Өткен аптада (1 мамыр күні) «Almaty Theatre» қол қойылған келісімшарт пен алдын-ала төленген жалға алу ақысына қарамастан концертін ауызша түрде тоқтатқан болатын (ресми хатты күтіп отырмыз дейді ол)
  • Сондай-ақ бүгін, күтпеген жерден (театр, концерт өткізуге бас тартқаннына бес күн өткен соң ғана) Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан, ұйымдастырушылар тарапына шағым айтылған. Яғни, композитор немесе театр тарапынан (мұны нақты түсінбедім дейді), іс-шара туралы тиісті хабарлама болмаған.

31 МАМЫР

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні жыл сайын 31 мамырда өткізіледі. Бұл күн 1997 жылы бекітілген. 

31 мамыр – ХХ ғасырдың 20–50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған күн. Бұл тарихи кезеңде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылды . Сондай-ақ, 1931–1933 жылдардағы ашаршылық кезінде 1,5 миллионнан астам адам (кейбір есептерде одан да көп сан айтылады) қаза тапқан.

Репрессияға ұшырағандардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсеков, Нығмет Нұрмақов, Темірбек Жүргенов сияқты ірі тұлғалар болды.

Серіктес жаңалықтары