×
519.64
609.23
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.64
609.23
6.62

ФСБ мені Ресейге кіргізбей қойды – Дидар Смағұлов

16.05.2025, 08:40
ФСБ мені Ресейге кіргізбей қойды – Дидар Смағұлов
Ашық дереккөзден

Жемқорлықпен күресіп жүрген Дидар Смағұлов Ресейге өмір бойы кірмейтіндей өзіне шектеу қойылғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бірақ ол бұл шектеуді алып тастау үшін күресіп көрмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СМАҒҰЛОВ НЕ ДЕЙДІ

Желідегі жазбасында Смағұлов көңілі қатты түспегенін, бірақ заң жағынан мәселесін шеше алмай жүрген досына көмектесе алмайтынын жеткізді.

Сол мақсатта баруым керек еді (Ресейге) Біздің шекарашылар маған таңғала қарады: ФСБ өмір бойы кіруге тыйым салған адамды күн де көре бермесе керек. Жағдайды пайдаланып, тегін заң көмегін ұсынып, ҚР Бас прокуратурасы шеңберінде сұрақтарға жауап бердім. Бірақ ол жерде халықаралық форматта қызық міндет тұр, бәрін заң аясында шешеміз. Алтайдың оң жағындағы қазақ ауылдарына барып ет жеу үшін әлі күресеміз, – дейді ол.

АҚШ-ТЫҢ МАРАПАТТАУЫ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қазақстандық құқық қорғаушыға АҚШ-тың мәртебелі сыйлығын табыстаған еді. Вашингтонда International Anti-Corruption Champions Awards сыйлығын табыстау бойынша салтанатты рәсім өтті. Бұл марапат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айрықша жетістіктер көрсеткен тұлғаларға беріледі. 10 номинанттың қатарында әртүрлі елдердің мемлекеттік қайраткерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және журналистер болды. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған тұрақты жүйелік реформаларды табысты енгізгені және жемқорларды жауапқа тарту бойынша жұмыс атқарғаны үшін "Әділдік жолы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Дидар Смағұлов марапатталған.

Дидар Смағұлов — Қазақстандағы танымал қоғам белсендісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуші. Ол бұрын білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметін атқарған. Ол бір кездері Қазақстандағы жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелеріне назар аударып, «Әділдікті талап ет» атты акцияны жүргізді. 

Смағұлов 2023 жылы «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Серіктес жаңалықтары