×
510.58
571.8
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.58
571.8
6.34

Қазақстан Ресейдің оппозиционерлерін Мәскеудің сұранысымен қудалап жатыр ма

Қазақстан Ресейдің оппозиционерлерін Мәскеудің сұранысымен қудалап жатыр ма
Ulysmedia.kz коллажы

Ресейде қудалаудан қашқан ресейліктер шетелде де Мәскеудің қысымына ұшырап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"ОВД-Инфо" құқық қорғау жобасының зерттеуінде мұндай репрессиялар трансұлттық (ТНР) деп аталатыны және соңғы үш жылда олар айтарлықтай күшейгені айтылған. Есепте 2014-2024 жылдар аралығында Ресей кем дегенде 15 елде 118 эмигрантты қудалағаны көрсетілген. Олардың 89-ы Ресейдің Украинаға толық масштабты басып кіруінен кейін қудалауға ұшыраған.

— Ресей қолданатын әдістер қатты өзгерді. Дәстүрлі құралдардан — қамау, экстрадиция сұраудан бөлек, енді шекарадан кіргізуден бас тарту, банктік немесе бюрократиялық қызмет көрсетуден бас тарту сияқты әдістер жиілеп кетті. Бұл адамдарды қауіпсіз аймақтардан және базалық құқықтардан айыруға бағытталған, — делінген есепте.

ҚАЗАҚСТАН МЕН КРЕМЛЬ

Құқық қорғаушылар трансұлттық репрессиялар тізбегінде Қазақстан, Грузия және Арменияны негізгі буын деп атады. Бұл елдердің билігі ресейлік билікпен белсенді ынтымақтастықты жалғастырып отырғандықтан, трансұлттық құрбандарының ең көбі осы елдерде тіркелген.

Есеп авторлары трансұлттық репрессиялармен күресте оң өзгерістер болуы мүмкін деп санайды. Алайда бұл үшін ЕО елдері халықаралық құқық аясында ТНР-дің нақты анықтамасын бекітіп, осындай жағдайларды бақылау механизмі құрылуы тиіс деп атап өтті.

Серіктес жаңалықтары