×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Бүгін, 08:40
Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды
akorda.kz

17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдыңғы жылдардағыдай, Тоқаев биыл да туған күнін атап өтпейді. Ақорданың баспасөз қызметі бұған дейін президент бұл күнді атап өтпейтінін мәлімдеген. Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай салтанатты шаралар жоспарланбаған.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Тоқаевтар отбасында туған күнді атап өту дәстүрі болмағанын айтқан еді.

АНЫҚТАМА

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылғы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, ал 1992 жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады. Түрлі жылдары КСРО сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет еткен, кейін тәуелсіз Қазақстанда жұмысын жалғастырды: 1992 жылы сыртқы істер министрінің орынбасары, 1993 жылы бірінші орынбасары, ал 1994 жылы министр болып тағайындалды. 2019 жылы Қазақстан президенті атанды.

Серіктес жаңалықтары