×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Елордада жоғалып кеткен қыздың денесі өзеннен табылды

22.09.2021, 18:55
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласында үйінен  шығып, жоғалып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, 19 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында үйден шығып, қайтып оралмаған 19 жасар қыздың анасы полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

«Хабар-ошарсыз кеткен қыздың қайда екенін анықтау үшін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жеке құрамы, оған бекітілген күштер, Ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды. Қызды соңғы рет Бараев көшесі жағындағы көпірден көрген. Іздеуге сүңгуірлер тобын тарту туралы шешім қабылданды. 22 қыркүйекте сағат 11.20-да жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен (Ишим) бойжеткеннің мәйітін тапты», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары