Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатына “Отбасы банк” облигациялары қайта сатып алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сәуір айында ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтері портфелі үшін банктің облигациялары шамамен 35 миллиард теңгеге сатып алынды.
- Сатып алуға дейін, 1 сәуірдегі деректер бойынша, портфельде “Отбасы” банкінің басқа да қағаздары – номиналдық құны 50,5 млрд теңге болатын екі облигациялық шығарылымы – болған. Жаңа инвестициялармен бірге, 1 мамырға қарай олардың номиналдық құны 85,5 млрд теңгеге, ал ағымдағы нарықтық құны осы айдың басында 92,4 млрд теңгеге жетті. Бұл сома инвестициялық портфельдің жалпы көлемінің шамамен 0,52%-ына тең, – деп жазады «БКБ» сарапшылары.