×
510.84
579.7
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.84
579.7
6.39

"Өте жиіркенішті": Ақнәрдің өлімі Қытайдағы әлеуметтік желіде талқыланып жатыр

Бүгін, 16:25
"Өте жиіркенішті": Ақнәрдің өлімі Қытайдағы әлеуметтік желіде талқыланып жатыр
ашық дереккөз

Қытайдағы әлеуметтік желіде қазақстандық студент Ақнәр Гүлстанның өлімі мен соты талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мұндай видеоны Instagram-дағы justice_for_aqnar парақшасы бөлісті.

Видеода жас жігіт Ақнәрдің құрбыларын айыптай сөйлейді.

–  Өте жиіркенішті. Қасындағы құрбысы өлгеннен кейін ешнәрсе болмағандай ішіп-жеп, қыдырып жүр, Ақнәр есімді құрбысы болмағандай, ұмытып кете салды. Түк болмаған сияқты. Осы іске қатысы бола тұрып. Адам қай кезде мұндай әрекетке баратыны миыма сыймай тұр. Қазір өзін өзі өлтірді деп жатыр. Бірақ жәбірленушінің денесіндегі көгерген, тістелген және тырналған іздер, тырнағынының түбінен түскені оның бәрі өзін өлтірмегенін көрсетіп тұр, – дейді студент.

22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тергеу ісі бойынша он ай бойы ешқандай ақпарат болмаған соң, жағдай күрт өзгерді. Ақнәрдің туыстары қайғылы оқиға болған түннен түсірілген жантүршігерлік кадрларды жариялап, марқұммен бірге болған құрбыларының бұл іске қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеді. Алайда олар бұл іс бойынша тек куәгер ретінде танылған.

АҚНӘРДІҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған. Тергеу бұл оқиғаны бастапқыда “суицид” ретінде тіркеген. Алайда марқұмның туыстары Ақнәрдың өліміне дейін қатыгездікпен азапталғанын және оны терезеден көршілері лақтырып жібергеніне сенімді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ақнәр Гүлстанның туыстары оның өліміне байланысты әділдікке жете алмай жүргенін айтып, БАҚ өкілдерін жинап, маңызды сұрақтарға жауап берген болатын. Ulysmedia.kz тілшісі бұл істің жай-жапсарын жақындарының өз аузынан естіп келген еді. 

Серіктес жаңалықтары