×
511.04
581.72
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.04
581.72
6.41

Астрономдар Күннің маңайында алып әрі құбылысты байқады

26.05.2025, 08:30
Астрономдар Күннің маңайында алып әрі құбылысты байқады

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының ғалымдары Күнге жақын кеңістікте сирек әрі жұмбақ құбылысты тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

SOHO спутнигіне орнатылған LASCO телескопының көмегімен алынған суреттерде ұзын құйрығы бар алып құсқа ұқсас нысан анық көрінді. Мамандардың алдын ала бағалауынша, бұл жұмбақ нысан Күннің беткі қабатынан шамамен екі миллион шақырым биіктікте орналасқан. Оның көлемі таңқаларлық – құрылымның ені шамамен 150 мың шақырымды құрайды, бұл Жердің диаметрінен он есе үлкен.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл – сирек кездесетін және көрнекілігімен таң қалдыратын сурет. Онда қанатты жаратылысқа немесе, мүмкін, қуатты құйрықты гипотетикалық ұшаққа ұқсайтын құрылым айқын байқалады. Мұндай құбылысты гелиосфера аясында тіркеу өте сирек кездеседі.

Ғалымдардың пікірінше, нысанның табиғатын нақты анықтау әлі мүмкін емес. Кейбір мамандар оны күннен шыққан ерекше заттың ерекше конфигурациясы деп есептейді, ал басқалары магниттік өрістер мен корональды массаның өзара әрекеттесуінен болуы мүмкін деп болжайды.

LASCO телескопы Күннің сыртқы атмосферасы — коронасын бақылауға арналған және корональды массаның шығарылуы, күн жарықшақтары мен басқа да белсенділіктерді тіркей алады. Алайда Күнге жақын маңда осындай айқын әрі симметриялы құрылымды көру өте сирек құбылыс.

Серіктес жаңалықтары