Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
ҚАНДАЙ МЕРЕКЕЛЕР ПАЙДА БОЛАДЫ
Алты жаңа кәсіби мерекені бекіту ұсынылып отыр:
• Қазақстан кәсіпкерлері күні;
• Қазақстан шеберлері күні;
• Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;
• Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;
• Кадр қызметі қызметкерлерінің күні;
• Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні.
Сонымен қатар құжатқа сәйкес, Энергетик күнін атап өту мерзімін өзгерту ұсынылған, атаулы күнді желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға ауыстыру көзделіп отыр.