Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісі қалай өрбігенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
“Перизат Қайраттың ісі неге созбалаңға салынып кетті? Құрылтайшылар да күдікті деп танылды ма?”, – деп сұрады Ұлысмедиа тілшісі.
Елемесовтің айтуынша, іс бойынша бұрынғыша тек екі күдікті бар.
- Қылмыстық іс созылып кеткен жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдарымен іс қатысушылары танысып жатыр. Перизат Қайраттың өзі созып жібергендіктен нақты мерзім қойдық. Іспен танысу мерзімі 9 маусымда бітеді. Одан соң үш күн өтінішхатқа беріледі. Содан кейін 10 күннің ішінде істі сотқа жіберу туралы шешім шығады, – дейді Елемесов.
Айта кетейік, бұл іс бойынша Перизаттан бөлек екінші күдікті – анасы.
АНАСЫ ТУРАЛЫ
Перизат Қайрат «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһазға, саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.
ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТТЫҢ ІСІ
Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеуге ілінген болатын.