Қазақстандық журналист әрі қоғам белсендісі Әсем Жәпішева Босния және Герцеговина астанасы Сараевода орнатылған қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткішін тазалап, ретке келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жәпішева әлеуметтік желіде Сараевоның қақ ортасында Абайды ескерткіші бар екенін және оның қандай хәлде екенін көріп, намыстанғанын айтты. Ол ескерткішті қолымен жуып-тазалауға бел буған.
Журналист бұл үшін тіс щеткасын қолданып, ескерткішті кірден тазартып жатқан сәтін видеоға түсірген.
АНЫҚТАМА
Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші Босния және Герцеговина астанасы Сараевода 2020 жылғы желтоқсанда орнатылған. Бюсттің ашылуы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағанына 29 жыл толуына орай өткізілген.
Ескерткішті Босния және Герцеговинаның Қолданбалы өнер жоғары мектебінің профессоры, танымал мүсінші Стипе Гаврич жасаған. Абайдың бюсті Сараеводағы тарихи “Ескі қала” ауданында, Миляцка өзенінің жағалауында, XVI ғасырдағы Хаджия мешіті, қалалық ратуша мен Ұлттық кітапхана сынды сәулет ескерткіштерінің жанында орналасқан.