×
511.67
582.38
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.67
582.38
6.53

Қазақстандағы аукционда жаңа мұнай учаскелерінің жартысын қытай компаниялары иеленді

03.06.2025, 14:04
Қазақстандағы аукционда жаңа мұнай учаскелерінің жартысын қытай компаниялары иеленді
Ұлысмедиа коллажы

Қытайға қатысы бар компаниялар геологиялық барлау жүргізу үшін жаңа мұнай учаскелерінің жартысын кезекті аукционда иеленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылғы 28 мамырда ҚР Энергетика министрлігі өткізген электронды аукцион қорытындысы бойынша (барлау және өндіру құқығын беру мақсатында) бірнеше компания жеңімпаз деп танылды.

Жеңімпаздар тізімі мыналар:

  • Сарысу учаскесі (Қызылорда және Түркістан облыстары) – "EARTH OIL & GAS" ЖШС. Құрылтайшылары: Hong Kong Bai Li Oil & Gas Limited және Рамиль Кимуров.

  • Үстірт-2 учаскесі (Маңғыстау облысы) – Kazakhstan Dinghua Energy Co., Ltd.. Иесі – ҚХР азаматы Ли Цзе.

  • Көкей учаскесі (Жамбыл облысы) – "Taraz Petroleum" ЖШС.

  • Жаркент учаскесі (Жетісу және Алматы облыстары) – "Almaty Oil Ventures" ЖШС. Құрылтайшылардың қатарында – Бекжан Сафинов (Мұнай және газ министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қанатбек Сафиновтың ұлы), Данияр Қаулдашев және Tengri Partners (Kazakhstan) компаниясы.

Бес учаскеге қатысты аукцион өтпеген деп танылды.

OilgazKZ дерегінше, мына учаскелер бойынша сауда нәтижесіз аяқталған:

  • Айыртау – ІІ (Шығыс) – Атырау облысы

  • Тюбеджик (Қарақұм) – Маңғыстау облысы

  • Оңтүстік-Гремячин – Батыс Қазақстан облысы

  • Қаратұсай – Ақтөбе облысы

  • Дарьинское – Батыс Қазақстан облысы

Қазақстанда қытай инвесторлары көбейгені байқалады: 2024 жылы елдегі қытай кәсіпорындарының саны 2 460-тан 3 676-ға дейін көбейген. Бұл – шамамен 50 пайыздық өсім. Жалпы, соңғы бес жылда Қазақстандағы қытай компанияларының саны үш есеге жуық артқан.

Бұған дейін ҚР Автожолшылар қауымдастығының президенті Бағлан Баймағамбетов Сенаттағы Үкімет сағатында сөз сөйлеп, қазақстандық компаниялар нарықты уыстан шығарып алуы мүмкін екенін айтқан еді. Оның айтуынша, келісімшарттардың қытайлық компанияларға берілуі – негізгі себеп.

Серіктес жаңалықтары