Таиланд астанасындағы такси бизнесі COVID-19 пандемиясына байланысты толығымен құлдырады. Қозғалыссыз тұрған такси көліктері қазіргі уақытта көкөніс бағына айналған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
kratko-news.com-ның хабарлауынша, Bovorn Ratchapuruek компаниясы бос тұрған таксилерді көкөніс бағына айналдырып, жұмыссыздар мен олардың отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Көліктер тұрған аумақта кішкентай тоғандар бар.
Алқызыл түсті көліктердің төбесіне топырақ салып, кәді, сарымсақ, қиыр мен қызанақ өсірілуде. Аталған компания Таиланд билігінен көмек сұрап, мемлекет көмектеспесе компания банкротқа ұшырайтынын айтқан.
Пандемия салдарынан бұл жаққа туристер келуін азайтып. Такси жүргізушілерінің өздері үйде оқшауланып отыруларына тура келген. Жұмыссыз қалған олар көліктерін өздеріне қайтарып алып, соның нәтижесінде Бангкоктың маңында «такси бағы» пайда болған. Ол жерда бас-аяғы 300 көлік тұр.