×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

«Олардың өмірі сөніп барады»: Аймағамбетов денсаулық саласындағы былықтарды жайып салды

04.06.2025, 16:05
«Олардың өмірі сөніп барады»: Аймағамбетов денсаулық саласындағы былықтарды жайып салды
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау саласындағы былықтарды жайып салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЙМАҒАМБЕТОВ КЕЛТІРГЕН МЫСАЛ

Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды қарапайым мысалдармен келтірді.

Сөзім жетімді болу үшін қарапайым бір мысалдан бастайын. Раушан есімді азаматша 42 жаста. Оның өмірі баяу сөніп барады. Ем жоқтығынан емес, емге шипа болатын дәрі дәрілік формулярда тіркелмегендіктен! Дәрі жеті жылдан бері жаңартылмаған, емдеу хаттамасына енгізілмегендіктен, тіпті сатып алайын десе де, ол дәрі елде рұқсат етілетін тізімде жоқ. Оның өмірі үшін күрес – бюрократиямен күрес. Тағы қаншама Раушандар біздің көмегімізді күтіп отыр. Бүгінгі талқылаудың өзегі осы, – деді ол.

Аймағамбетовтың сөзінше, бұл әңгіме баласына дәрі іздеп сандалған адамның өмірі, бағасы удай қымбат болғандықтан, дәрісін ала алмаған зейнеткер, ескірген емдеу хаттамаларымен жұмыс істеуге мәжбүр дәрігерлердің тірлігі, отандық препараттардың жетіспеушілігі жайлы болып отыр.

Жалпы аудиторлардың есебі – еліміздегі фармацияның шынайы рентгені деуге болады. Рентген нәтижесі жай ғана сынықтар мен көлеңкелерді көрсетіп қана қоймай, дереу шешімді. жедел емдеуді талап ететін терең, нағыз қатерлі ісіктерді анықтады деп айта аламыз, – деді ол.

ДЕПУТАТ ТІЗГЕН ПРОБЛЕМАЛАР

Оның айтуынша, дәрі-дәрмектер дәріханаларда сатылуы үшін, олар ең алдымен НацЭЛС-те сараптамадан, сосын тіркеуден өтуі керек. Ал аудит не көрсетті?  Норматив бойынша тіркеу мерзімі – 210 күн. Алайда, біреулер үшін бұл мерзім заңсыз 1275 күнге дейін созылса, ал осы ұйымның бұрынғы қызметкерлері үшін, өте жылдам 25ақ күнде аяқталып, рәсім өткізілген. 154 өтінім бойынша сараптама процедураларын бұзу фактілерін анықтаған.

Жалпы, НацЭЛС нағыз саяхатшылар клубы сияқты. Оның қызметкерлері дәрілерді тізімге енгізу үшін, зауытарды көру сылтауымен шетелге баруда. Әрине, жәйлі саяхат шығандары, фармация компаниясының есебінен төленеді. Бұл саяхаттар не беретіні күмәнді. Дәріні тіркеу үшін, өте күрделі бюрократиялық рәсімдерден өту керек. Әрине мұндай қиындықтардан өту, тек алпауыт фармацевтикалық компаниялар және қымбат препараттар үшін мүмкін. Нәтижесінде, арзан, бірақ науқастар үшін ауа дай қажет дәрілер тіркелмей қалады. Ойткені ол үшін жүгіретін ынта да жоқ, қызығушылық та жоқ. Мысалы, Қазақстанда пенициллиннің ішетін түрі тіркелмеген деп фармакологтер айтуда. Неге? Өйткені ол тым арзан, ешкім өтінім бермейді және ешқандай қызығушылық жоқ дейді эксперттер. Осының кесірінен, дәрігерлер бірден кең ауқымды антибиотиктерді тағайындауға мәжбүр дейді дәрігерлер. Дәл осындай жағдай, көптеген базалық дәрілер бойынша қайталанады: олар тізімде жоқ, сондықтан біз оларды қолданып, емделе алмаймыз. Олар арзандылығына байланысты индустрияға да қызық емес, – дейді ол.

Депутат сонымен бірге НацЭЛС, дәрілердің жағымсыз реакциялары туралы хабарламаларды жинақтап, талдап, шаралар қабылдау үшін жіберуіге міндетті екенін еске салады. Бірақ аудит көрсеткендей, 28 «сары карточкалар» бар дәрілік заттар бойынша ешқандай шара қабылданбаған. Оның үстіне, дәрлердің кері әсерлері туралы 137 ақпарат түскенімен, тек 1 препарат қана кері қайтарылған. Ал жалпы, фармацевтикалық бақылаудан 77 млн фармацевтикалық өнім тыс қалған. “Бұған қоса, дәрілерді өндіру үшін әкелінетін субстанциялар бақыланбайды екен. Кім, не әкелініп жатыр? Олар құюға дайын дәрілер ме, субстанция ма? Олар қаншалықты қауіпсіз? білмейміз” дейді ол.

ЕМДЕУ ХАТТАМАЛАРЫ ЕСКІРГЕН

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, әр азаматты емдегенде, дәрігерлер, арнайы емдеу хаттамасында көрсетілген дәрілерді қолдануы тиіс. Ал емдеу хаттамалар болса уақтылы жаңартылмайды. Клиникалық хаттамалардың шамамен 70%-ы (1133-тің 785-і) 5 жылдан 12 жылға дейін қайта қаралмаған. 10 жыл емес, қазір 1 жыл ішінде жаңа дәрілер пайда болады. Осыған байлапнысты  қазақстандықтар жаңа әдістермен ем ала алмай жүр деп айтуға болады.

Депутат одан бөлек, шамадан тыс маркетингтік және тасымалдау шығындарын атап өтеді. Препараттар тіпті оригиналдарынан да бірнеше есе жоғары бағамен сатып алынған. Дәрілерге қосылған үстеме баға зауыттық бағадан 172%-ға дейін жетеді, ал Еуропада және әлемде – 30%-дан аспайды. Бір препараттың әртүрлі дәріханалардағы бағасы 3-5 есеге дейін өзгереді. Түпнұсқаның бағасы 344 теңге болса, отандық тауар өндірушінің (ОТӨ) генеригінің бағасы 1273 теңгені құраған. Бұл 4 есеге дейін қымбат.

Бұл қалай мүмкін болды? Отандық зауыт, елде сатылмайтын шетелдік аналогтың бағасын алып, соған байланыстырып, өз шығындары мен бағасын есептеп, солай дәрінің бағасы көтеріледі. Оны оригиналмен салыстырсақ, көптеген отандық дәрілер шетелдік түпнұсқасынан еселеп қымбат болып шығады. Парацетамолдың зауыттық бағасы 59 теңге, Қырғызстанда 90, ал бізде 144 теңгеге сатылуда. Салыстырыңыздар. Терафлюге елде белгілеген шекті баға 3,3 мың теңге, ал зауыттық бағасы 1,5 мың. Ресейде ол 2,2 мың, Қырғызстанда 2,5 мың тұрады, – деді ол.

Ал Кируда дәріханаларда 710 мың тұрса, Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағасын 1,3 млн көлемінде белгілеп, оны Фармация 1,2 млн-ға сатып алған.

МОНОПОЛИЯ

Асхат Аймағамбетов сонымен бірге СҚ-Фармацияның өз логистикалық инфрақұрылымы жоқ. Логистиканың 90%-ы үш компанияның қолында. Осындай монополизация, логистикалық шығындардың 1,5 есе өсуіне ықпал еткен.

СК-Фармацияның үстеме бағасы, комиссиясы деп те айтуға болады бақандай 7%. Бұл қосымша салық сияқты, бір бөлігі өз шығындарына пайдаланса, бір бөлігі пайда ретінде, бір бөлігі дивиденд ретінде бюджетке қайтарылады. Парадокс. Бірыңғай дистрибьютор 491,0 млрд теңгеге сатып алу жүргізді. Бірақ оның басым бөлігі тікелей зауыттан емес, жергілікті дистрибьюторлар арқылы сатып алынады. Сонда біз бұл ұйымды не үшін құрдық? Неліктен ол зауыттардан тікелей сатып алмайды? Сұрақ көп. Бір препараттар қоймаларда шіріп, есептен шығарылып жатқанда, кейбір өмірлік маңызы бар дәрілер қолжетімсіз. 45 мың пациент дәрісіз қалған. Анықтаған шығындар мен ысыраптар – 3,7 млрд теңгеден астам. Ал ықтимал шығындар – 21 млрд теңгеден астам, – дейді депутат.

Аймағамбетов отандық фармөндіріс және ғылым саласында миллиардтаған қаражат желге ұшып жатқан жоқ па деп мәселе көтерді.

Серіктес жаңалықтары