×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Аудиторлар “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” басшыларына берілген сыйақыларды тексереді

04.06.2025, 17:38
Аудиторлар “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” басшыларына берілген сыйақыларды тексереді
Ulysmedia.kz коллажы

Аудиторлар “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” басшыларына берілген сыйақылады тексередіБұл туралы жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Смайыловтың айтуынша, “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” компанияларының жоғары басшылық құрамының сыйақы беру жүйесі аудит аясында тексерілмек.

– Бұл мәселелер де мемлекеттік аудит шеңберінде қамтылады. Нәтижелері бойынша ақпарат береміз. Айтпақшы, аудиттің негізгі қорытындыларын жедел түрде жариялап отырамыз. Егер қандай да бір заңбұзушылықтар анықталса, біз бұл компаниялардың басшылығына тиісті нұсқамалар береміз, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовқа компаниядағы топ-менеджерлердің сыйақысы мен бензин бағасына қатысты сауал қойылған болатын. Мағауов компания басшылығына берілген сыйақылар туралы нақты жауап бере алмады. Журналистердің айтуынша, «ҚазМұнайГаздың» 17 топ-менеджеріне жалпы көлемі 705 миллион теңге сыйақы төленген.

Серіктес жаңалықтары