Заңгер Бағдат Амандосұлы банк арқылы жиі ақпарат жіберетіндер үшін маңызды ақпарат айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Заңгердің сөзінше, егер бір айдың ішінде 300 мың теңгеден көп сома бірнеше адамға аударсаңыз, банк бұл операциялардың барлығын қаржы мониторингі агенттігіне хабарлайды.
Олардың тарапынан (ҚМА) сізге “ақша қайдан келді?”, “кімге кетті?”, “неге кетті?”, “табыс көзің қандай, ол заңды ма?” деген сұрақтар қойылады. Жауап беруге дайын болыңыз, – дейді заңгер.
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Бағдат Амандосұлының сөзінше, егер сіз әлеуметтік желілерді пайдаланып жүріп, тауарлар сатып, жүйелі түрде пайда тауып жүрсеңіз, дереу кәсіпкер ретінде тіркелу керек.
- Себебі сіз салық төлеуге міндеттісіз, – дейді заңгер.
АҚШАЛАР ЖАҚЫНДАРЫҢНАН ТҮССЕ…
Ал егер ақша туыстардан, достардан келген қарапайым көмек ретінде болса жазбаша түрде өкілетті органға түсініктеме дайындап қою керек.
- Сонда ғана ұйқыңыз тыныш болады. Жақында қаржы министрлігі үш айдың ішінде миллион теңгеден астам ақша алған барлық жеке тұлғаға тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Көлеңкелі табысқа жол жоқ, салық төлесең ғана тыныш ұйықтайсың, – дейді Бағдат Амандосұлы.