×
508.5
580.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.5
580.66
6.44

Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен: бір күдікті ұсталды

Бүгін, 11:00
Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен: бір күдікті ұсталды
pixabay.com

Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, артынша өлтіріп кеткен бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл ақпаратты Түркістан облысының полиция департаменті растады. 6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыздың мәйіті табылды, ол – колледждің бірінші курс студенті еді.  

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалды. 

ТЕРГЕУ

Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

- Қылмыстық істің тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, – дейді полиция департаментінің өкілдері. 

ДҮКЕНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН

Айта кетейік, марқұм қыз жергілікті дүкенде жұмыс істеген, қайғылы оқиға болған күні үйіне қайтып бара жатқан. 

КҮДІКТІ ҮШЕУ МА

“Немолчи” қорының мәліметінше, бұл қылмысты жасады деген үш күдікті болуы мүмкін. Алайда Түркістан облысының полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

- Ордабасы ауданы Төрткүл ауылындағы оқиға бойынша әлеуметтік желілерде таратылып жатқан "күдікті үшеу болған" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Өз кезегінде полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – дейді полицейлер. 

Серіктес жаңалықтары