×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Нұр-Сұлтан емес – Астана»: Қарағанды әкімдігі тақтайшаның өзгергенін жоққа шығарды

16.01.2022, 15:44
«Нұр-Сұлтан емес – Астана»: Қарағанды әкімдігі тақтайшаның өзгергенін жоққа шығарды
Фото: Ашық дереккөзден

Қарағанды қаласының әкімдігі «елорда атауы жазылған тақтайшаны өзгертті» деген ақпаратты жоққа шығарды,  деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Денис Малинов атты азамат бұған дейін Facebook желісінде Қарағандыда «Нұр-Сұлтан» деген жазуы бар жол белгісі «Астана» жазуына ауыстырылғанын айтып, суретін жариялаған болатын.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тек Қарағанды ​​қаласының 7-ші тас жолында орналасқан ескі жол белгісі әлі ауыстырылмаған.

Жолды күрделі жөндеу аясында жол белгілері биыл ауыстырылады, деп сендірді әкімдік.