×
508.42
580.72
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.42
580.72
6.48

Вице-министр 32 мың теңге зейнетақы жеткілікті деп есептейді

10.06.2025, 12:30
Вице-министр 32 мың теңге зейнетақы жеткілікті деп есептейді
ulysmedia коллажы

Қазақстанда базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері шамамен 32 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еңбек өтіліне қарамастан төленетін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері бүгінгі күні шамамен 32 мың теңгені құрайды. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы.

Жасы бойынша ең төменгі зейнетақы  (жұмыс өтілі 1998 жылға дейін; ерлер - 25 жыл, әйелдер - 20 жыл) мөлшері 62 771 теңгеге тең. «Бұл ақша инфляцияны ескере отырып, Қазақстанда өмір сүруге жеткілікті ме, жоқ па» деген журналистер сауалына вице-министр Виктория Шегай нақты жауап бере алмады.

Шегай зейнетақының жеткіліктілігі адамның тұратын аймағына байланысты деп есептейді.

 Мен өз құзыретім аясында зейнетақы мөлшерін айттым. Менің ойымша, бұл жеке адамға, ол тұратын аймаққа байланысты, – деді вице-министр.

Бірақ вице-министр 32 мың теңге зейнетақы өмір сүру үшін қай аймақта жеткілікті екенін нақтыламады.

2025 жылдың 1 сәуіріндегі дерек бойынша, Қазақстанда 2 миллион 465 мың зейнеткер бар. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 млрд теңге қаржы жұмсалған.

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі мен зейнетақы мөлшерлемесі бойынша дау көп. Тәуелсіз сарапшылар есеп дұрыс жасалмаған деп сынайды. Зейнеткерлер де зейнетақы күнкөріске жетпейтінін жиі айтады.

Серіктес жаңалықтары