Сенатта «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге тыйым салуды көздейтін түзету ұсынылды. Бұл бастама жұмыс тобының отырысында көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰСЫНЫС
Сенатта дәл осындай заңнамалық өзгерістер ұсынылды. Ұсынылған түзетуге сәйкес, қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі жасайтын киім киюге тыйым салынады. Дегенмен, бұл талаптан келесі жағдайлар босатылады:
– Адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді пайдалану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін осындай ұсыныс енгізіліп отыр, – деді сенатор Наурызбай Байқадамов.
ТАЛҚЫЛАНҒАН ТАҚЫРЫП
2024 жылдың соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салу бастамасын қолдайтынын мәлімдеген болатын. Бұл мәселе ел ішінде бұрыннан бері пікірталас тудырып келеді.
ШВЕЙЦАРИЯ
Айта кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап Швейцарияда "паранжаға тыйым" деп аталатын заң күшіне енген болатын.
ТӘЖІКСТАН
Сонымен қатар, былтыр Тәжікстан парламенті «Тәжікстан Республикасындағы салт-дәстүрлерді, мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға түзетулер енгізіп, «ұлттық мәдениетке қайшы» деп аталатын киімдерді киюге тыйым салды.
РЕСЕЙ
Ал Ресейде никаб кигендерге 10 мың рубль айыппұл салынуы мүмкін.