×
450.79
482.21
5.05
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
450.79
482.21
5.05

Ресейде никаб кигендерге 10 мың рубль айыппұл салынады

25.05.2024, 17:45
Фото: B.Roessler

Ресейде қоғамдық орындарда бетін жауып жүруге тыйым салатын заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік Думаның депутаты Михаил Матвеев мәлімдеді. Оның айтуынша, заң жобасы қазір Мемлекеттік Думада әзірленуде. Құжатта «никаб» деген сөз жоқ, бірақ бетін, әсіресе, діни киіммен жабу үшін 10 мың рубль айыппұл қарастырылған.

Заң жобасында полинезиялық тайпалардың никабтары, паранжалары мен бетперделері туралы сөз болмайды, ондағы уәж діни емес, тек қауіпсіздік және жеке сәйкестендіру мәселелері арқылы болады, - деп түсіндірді депутат RTVI басылымына.

Матвеев түзетулер «террорлық қауіп-қатер қаупіне» байланысты енгізіліп жатқанын айтты.

Террорлық қауіп-қатер қаупі жоғары заманда біз қоғамдық орындарда медициналық маска мен комбинезоннан басқа адамның бет-әлпетін жасыратын заттарға тыйым салу мәселесін көтереміз. Бұл никаб па, асқабақ не Гай Фокстың маскасы ма, бәрібір, - деп атап өтті Матвеев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» екенін айта келе, ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық деген болатын.

Мамырдың 21-і күні Білім министрі Ғани Бейсембаев тағы да мектептерде хиджаб киюге тыйым салу туралы айтты.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да дін туралы жаңа заңда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралатынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары