×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

2021 жылы Қазақстаннан шетелге аударылған ақша еселеп өскен

17.01.2022, 09:11
2021 жылы Қазақстаннан шетелге аударылған ақша еселеп өскен
Фото: Ашық дереккөзден

Жеке тұлғалар Қазақстанның ақша аудару жүйелерін пайдалана отырып, 2021 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында шетелден келген ақшадан 4 есе көп қаражат аударған, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-қарашада шетелге жөнелтілген ақша аудару жүйелері арқылы жеке тұлғалардың халықаралық ақша аударымдарының көлемі 921,3 млрд теңгені құраған. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,2% артық. Шетелден алынған қаражат көлемі іс жүзінде өзгеріссіз қалып, 256,2 млрд теңгені құраған. Бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,8% ғана аз.

Шетелге жіберілген және шетелден алынған қаражат көлемі арасындағы айырмашылық (Қазақстаннан шетелге аударымдар пайдасына) бір жыл ішінде 2,8 еседен 3,6 есеге дейін өскен.

«Елдер бойынша 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан аударылған ақша аударымдарының көлемі бойынша Өзбекстан (278,5 млрд теңге), Түркия (189,2 млрд теңге) және Ресей (162,1 млрд теңге) көш бастап тұр. Шетелден аударымдардың басым бөлігі Ресейден (48,7 млрд теңге), Өзбекстаннан (44,5 млрд теңге) және Оңтүстік Кореядан (36,2 млрд теңге) түсті. Бұл алынған ақша аударымдарының жалпы көлемінің жартысынан сәл көбін құрады», - делінген зерттеуде.

Мемлекет қазір заңды тұлғалардың елден қаражат шығаруына жіті назар аударып отыр. Өткен жылдың 11 айында Қазақстаннан тек жеке тұлғалардың аударған аударымдарының көлемі 1 триллион теңгеге жақындағанын ескерсек, бұл таң қаларлық емес. Осылайша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында жекелеген қаржылық және өнеркәсіптік топтардың капиталын шетелге шығарудың үлкен тәуекеліне назар аударған. Оның үстіне жеке тұлғалардың шоттары бойынша қозғалыстар тіркеліп қойған. Бұл міндет Ұлттық банк пен Қаржы мониторингі және қаржы нарығын реттеу агенттігіне жүктеліп отыр.