×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

Зардап шеккендер өте көп – ҚМА Перизат Қайрат ісі бойынша тың мәліметтер айтты

12.06.2025, 14:23
Зардап шеккендер өте көп – ҚМА Перизат Қайрат ісі бойынша тың мәліметтер айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Перизат Қайрат басқарған BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қоры төңірегіндегі қылмыстық іске қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Астанада өткен ғылыми конференциядан кейін журналистердің сауалдарына жауап беру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жеңіс Елемесовтің айтуынша, жәбірленушілердің нақты саны белгісіз, себебі олардың саны өте көп.

 – Іс аяқталды, танысу процесі де бітті. Қазір іс бойынша өтініштер алынып, оларға жауап беру рәсімі жүріп жатыр. Жақын күндері істі прокуратураға жолдаймыз, – деді ол.

Оның айтуынша, бұл істе екі адам күдікті ретінде тіркелген.

– Зардап шеккендердің саны өте көп. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі – 3,5 миллиард теңге, – деді агенттік өкілі.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТТЫҢ ІСІ

Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеуге ілінген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары