Сенат депутаттары үлескерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа шараларды мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сенатор Сүйіндік Алдашев қазақстандықтардың құрылыс компанияларымен келісімшарт жасасу кезінде кездесетін проблемаларды атады. Оның айтуынша, бұл келісімдер азаматтардың құқықтарын тиісті деңгейде қорғамайды, әсіресе құрылыс мерзімінің кешіктірілуі мен сапасыз орындалу жағдайларында. Мұндай келеңсіздіктер үлескерлердің шығынға ұшырауына алып келеді.
Жаңа ұсынылып отырған шаралар пакетінде алдын ала келісімшарттар жасауға және жарнамалар арқылы үлескерлердің қаражатын тартуға тыйым салу көзделген. Сонымен қатар барлық есеп айырысу тек қолма-қол емес тәсілмен жүргізілуі тиіс. Тұрғын үй құрылысының мерзімін ұзарту 9 айдан 5 айға дейін қысқарады. Бұдан бөлек, әкімдіктерге қаражаттың заңды пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беріледі.
ТҮСІНДІРМЕ
– Құрылыс салушыларға қатысты талаптарды күшейтетін бірқатар шаралар ұсынылып отыр. Оның ішінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуға байланысты алдын ала келісімшарттарға тыйым салу, жарнамалар арқылы үлескерлерден қаражат тартуға және құрылыс кезеңіндегі баспанаға ипотека беру мүмкіндігін шектеу бар. Мұндай пәтерлерді сату мәмілелері тек қолма-қол емес түрде жүргізілуі керек, – деді сенатор Алдашев.
ЖЕҢІЛДІКТЕР
Сонымен қатар, құрылыс компанияларына бірқатар жеңілдіктер де қарастырылған. Мысалы, көпқабатты үйдің қаңқасы тұрғызылған соң және Біріңғай оператордың кепілдігі бар жағдайда, банктердің қатысуымен үлескерлік құрылысқа рұқсат беріледі.
– Үлескерлік құрылыс туралы заңның күші енді жеке тұрғын үйлерге де таралады. Бұл – Біріңғай оператордың кепілдігін алуға және азаматтарға мұндай үйлерді ипотека арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Застройщиктер мұндай үйлердің құрылысына қаржыландыру ала алады. Компанияларға қойылатын талаптар да жеңілдетіледі – бұрын қажет болған 15% мөлшеріндегі жеке қаражат немесе аяқталмаған құрылыс енді 10% мөлшерінде жеткілікті болады. Әкімдіктен рұқсат алғаннан кейін каркас аяқталғанын күтпей-ақ үлескерлердің қаражатын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Қосымша шетелдік және депозиттік шоттар ашуға да құқық беріледі, – деді сенатор.
Сенат мақұлдаған заң жобасы енді Президенттің қол қоюына жолданады.