×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

78 мың теңге айыппұл: полиция мән-жайын түсіндірді

13.06.2025, 15:15
78 мың теңге айыппұл: полиция мән-жайын түсіндірді
Фото: brestcity.com

Полицейлер кілемді аулада жууға тыйым салынғанын растап, мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаз басталысымен кейбір қазақстандықтар үйде үлкен тазалық жұмыстарын бастап, қыс бойы шаң басқан кілемдерді жуып-тазартуға кіріседі. Алайда полицияның хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, аула ішінде кілем немесе басқа да заттарды жуу елді мекендерді абаттандыру және санитарлық күтіп-ұстау ережелерін бұзу болып саналады.

– Мұндай әрекеттер расында да әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Бірақ айыппұл мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне байланысты. Алғаш рет ескерту берілуі мүмкін. Егер құқықбұзушылық қайталанса – айыппұл салынады, – деп түсіндірді Қостанай қалалық Полиция басқармасы ЖПҚБ учаскелік полиция қызметі бөлімінің бастығы Ернұр Алтаев «Наш Костанай» басылымына берген сұхбатында.

АЙЫППҰЛ МӨЛШЕРІ

Жеке тұлғаларға – 20 АЕК-ке дейін (2025 жылы бұл 78 640 теңге);

Шағын бизнес пен ҮЕҰ – 30 АЕК-ке дейін (117 960 теңге);

Орта бизнеске – 40 АЕК-ке дейін (157 280 теңге);

Ірі бизнеске – 100 АЕК-ке дейін (393 200 теңге).

Бұзушылықтар жоспарлы тексерістер кезінде де, азаматтардың шағымдары бойынша да тіркеледі. Негізгі себептер қатарында лас суды ағызу, химиялық жуғыш заттарды қолдану, көгалды бүлдіру, жағымсыз иіс және антисанитариялық жағдай жасау сияқты әрекеттер бар.

Серіктес жаңалықтары