×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Жексенбіде қай өңірлерде 43 градусқа дейін ыстық болады

14.06.2025, 19:00
Жексенбіде қай өңірлерде 43 градусқа дейін ыстық болады
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 15 маусымда елдің бірнеше өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 16 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының батысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында 40-43 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысыңың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус аптап ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус аптап ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус аптап ыстық. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Астанада кей уақыттарда найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыс бойынша 38 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Серіктес жаңалықтары