×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Жетісуда облысында алимент төлемей жүрген борышкер заңсыз ойын бизнесін ашқан

14.06.2025, 18:30
Жетісуда облысында алимент төлемей жүрген борышкер заңсыз ойын бизнесін ашқан
Ulysmedia коллажы

Бас прокуратура Жетісу облысында алимент бойынша қарызы бар азаматтың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын мәлімдеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2023 жылы Жетісу облысы Панфилов ауданының тұрғыны балаларына алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

– Алайда ол тиісті қорытынды шығармай, өз міндеттерінен жалтара берді. Биылоның берешегі 3 миллион теңгеден асты, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 30 қаңтарда сот бұл азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша – заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп таныды.

– Осылайша, борышкердің заңсыз бизнес ашуға қаражаты бола тұра, алиментті қасақана төлемегені анықталды, – деп атап өтті прокуратура.

Сот талқылауы барысында ол қарызының 1 миллион теңгесін өтеген. Прокуратура мәліметінше, сот оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындаған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстанда 272 мың ер адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Сондай-ақ, 11 мыңнан астам әйел алимент бойынша борышкерлер қатарында. Жалпы 16 мыңнан астам іс бойынша берешек 16 миллиард теңгеге жеткен.

Серіктес жаңалықтары